Іс-шараны №8 мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогы Н.О. Ошақбаева мектептің отбасылық клубы кабинетинде, барлық карантин қауіпсіздігін сақтай отырып өткізді. Осы күні, яғни 29 қазанда Қазақстан Республикасы Қамқоршылар күнін атап отеді. Бұл ерекше мереке, бала тәрбиелеудің ауыр жүгін өздеріне алған адамдар үшін мерекелік күн. Бұл - таза жүректен олардың жанына жылу беруді, әсіресе оған мұқтаж балаларға нәзіктік пен көңіл бөлуді білетін адамдар. Осыған байланысты біздің сүйікті қамқоршыларымыз Глущенко Галина Анатольевна мен Лисовская Татьяна Юрьевна шақырылды. Мектеп директоры Г.Т. Калиева құттықтау сөз сөйледі. Қамқоршыларға Бурабай ауданының білім бөлімінің атынан және № 8 мектеп-гимназиясы әкімшілігінен марапаттау хаты және сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, қонақтар үшін біздің мектептің музыка жетекшісі Жүсіп Нұргүл Өмірханқызының орындауында музыкалық ән шырқалды.