«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

2020-2021 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру

20.08.2020

2020 жылдың 19 тамызы күні сағыт 11-де №8 МГ жалпы республикалық педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңес тақырыбы: «2020-2021 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру». Педагогикалық кеңестің мақсаты: Мұғалімдерді короновирус инфекциясының таралуын болдырмауға байланысты 2020-2021 жаңа оқу жылындағы карантин шаралары жағдайында оқыту ерекшеліктерімен ақпараттандыру. Педагогикалық кеңес 2020-2021 жаңа оқу жылына дайындық аясында өткізілді. Өткізу пішімі қашықтан. Мұғалімдерге алдын-ала сілтемелер жіберілді. Қатысқандар: әкімшілік және мұғалімдер.

Педагогикалық кеңестың күн тәртібіндегі сұрақтар:

  1. Жаңа оқу жылындағы оқыту пішімі (мектеп директоры Г.Т. Калиева сөйледі)
  2. Қалыпты жұмыс кезінде санитарлық талаптардың сақталуы (мектеп директоры Г.Т.Калиева сөйледі)
  3. Кезекші  1-4 сыныптардағы жұмыс кестесі мен жұмыс ережелері (директордың орынбасары Н.Ж.Уаисова сөйледі)
  4. Қашықтықтан оқыту мұғалімнің жұмыс орны және жүргізу ережелері (директордың орынбасары Г.К. Жанаева сөйледі)

а) Техникалық дайындық және жұмыс орны;

б) Қашықтықтан сабақ әзірлеу алгоритмі;

в) Мұғалімнің бейнесі және желідегі этикетті ұстану.

5) Мектепте қашықтықтан оқыту жүзеге асырылатын интернет-платформасымен танысу (директордың орынбасары В.В. Тимко сөйледі)

6) Оқушыларды жаңа оқу жылында бағалау ерекшеліктері (директордың орынбасары Н.А. Губченко сөйледі)

7) Баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыру керек (директордың орынбасары З.Б. Нургужина сөйледі)

 

 

Орындаушы:

директордың орынбасары

В.В.Тимко

Просмотров: 420


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст