Текст
Ақмола облысы білім басқармасының, Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің базалық медиа - жоспарын іске асыру шеңберінде 2024 жылғы 13-17 мамыр аралығында бітіру сыныптарының ата-аналарымен (4,9,11 сыныптар) есептік кездесулер өтті. Бірнеше мәселелер қамтылды: оқу жылының аяқталуы, 5-сыныпқа, 10-сыныпқа көшу, қорытынды аттестаттау, емтиханға дайындық, бітіру. Ата-аналарға оқу жылын аяқтау бойынша ұсыныстар берілді, сондай-ақ болашаққа міндеттер қойылды.