«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Бурабай ауданының әлеуметтік педагогтарына арналған аудандық семинар туралы есеп

24.01.2024

2024 жылдың 24 қаңтарында №8 мектеп-гимназиясының базасында Щучинск қаласының №2 жалпы білім беретін мектебімен бірлесе отырып, Бурабай ауданының әлеуметтік педагогтары үшін «Әлеуметтік педагогтың жұмысындағы цифрландырудың рөлі» тақырыбында аудандық семинар өтті. 

Семинарға Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық органының бас маманы Кажкенова Алия Тулегеновна, сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық органының әдіскерлері Искакова Асель Идрисовна мен Макеева Шолпан Тлектесовна қатысты.

Семинарды кіріспе сөзбен Кажкенова А.Т. және №8 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Макенова А.С. бастады.

Семинар бағдарламасы бойынша бірінші бөлімде №8 мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогі Ошақбаева Н.О. сергіту сәтін өткізді және «Әлеуметтік педагог жұмысындағы цифрландырудың рөлі» тақырыбында сөз сойледі және осы тақырыппен бірге информатика пәнінің мұғалімі Амиржанова Г.К. QR кодтарымен қалай жұмыс істеу керектігін көрсетті. Сонымен қатар №8 мектеп-гимназиясының педагог-психологы Төлеухан Ш.Т. семинарға қатысушылармен тренингтік жаттығу өткізді. Семинардың екінші бөлімінде №2 жалпы білім беретін мектептің әлеуметтік педагогы Мүскен М.Е. «Халықтың әлеуметтік жағынан қолайсыз жіктерінің оқушыларымен жұмыс жүйесі туралы» сөз сөйледі. Содан кейін №2 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы Щепина Н.Н. семинарда тұлғалық өсу және рефлексия бойынша тренинг өткізді. Семинар соңында Кажкенова Алия Тулегеновна семинарды қорытындылап, ұйымдастырушыларға сертификаттар табыс етті.

Просмотров: 503

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст