Бурабай ауданы бойынша семинарға 40 мұғалім қатысты.
Жалпы сессия «Не? Қайда? Қашан? Не үшін?» атты психологиялық треннингтен басталып, мұғалімдер Бурабай ауданындағы 2023 жылғы бастауыш сынып оқушыларының білім сапасының мониторингтік зерттеуімен танысты. Келесі кезең көрсетілім сабақтар болды. 4-сыныптарда №8 мектеп-гимназиясының мұғалімдері кіріктірілген сабақтар көрсетті. Бұл сабақтарда мұғалімдер ББЖМ-ға дайындықты жүргізу әдіс-тәсілдерін көрсете алды. Ал практикалық кезеңде мына мұғалімдер өз іс-тәжірибесіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді әріптестерімен бөлісе алды:
«Оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау жолдары». Щучинск қаласының № 5 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Кинибаева Б.Т.
«Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) дайындық жүйесі». Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Жаксылыкова Г.О. мен Щучинск қаласының № 7 мектеп-лицейінің мұғалімі Уваисова К.Т.
«ББЖМ-ға дайындық үрдісінде пайдалануға ұсынылатын сандық ресурстарға шолу». Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы мұғалімі Оразбаева Г.Ж.
Практикалық кезеңнен кейін барлық мұғалімдер үшін қорытындылау ретінде "ББЖМ-ға дайындық кезеңдерінің бірі ретінде оқу үрдісінде тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдану"атты коучингті №8 МГ-ның тәжірибелі мұғалімдері Уаисова Н.Ж., Бергер Е.К., Фахрутдинова А.Г.өткізді. Коучинг семинар бойы алған ақпараттарды зерделеп, қорытындылау мақсатында өткізілді. Семинардың соңында Бурабай аудандық әдістемелік кабинетінің атынан белсенді қатысып, өз іс-тәжірибесімен бөліскен әріптестерге сертификат берілді және мұғалімдерге көмек ретінде QR код-қа сілтемелер жинағы салынған бетбелгілер таратылды.