«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

"Жаратылыстану" ӘК онкүндіктері

23.01.2024

№ 8 мектеп-гимназиясының әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес “Жаратылыстану» ӘК онкүндігін өткізу жоспарланған.
Өткізу міндеттері: жаратылыстану пәндеріне қызығушылықты арттыру; білімді практикада қолдану; оқушылардың жауапкершілік сезімін ояту, өз бетінше танымдық іс-әрекетін дамыту, тапсырмаларды орындауға шығармашылықпен қарау.
Пәндік онкүндік - бұл бірлесіп жасау рухымен, әдеттен тыс, ерекше және қызықты нәрсені күткен оқиғалар циклі. Ол оқушылардың танымдық қызығушылығын белсендіреді, пәндерді оқуға деген ынтасын арттырады, қызықты әрекеттерімен баурап алады. 
Биылғы оқу жылында ӘК онкүндігі «Жер – біздің ортақ үйіміз» ұранымен өтуде. Қысқа белсенді викториналар мен конкурстар өткізіледі, шығармашылық семинар өткізіледі, мұғалімдер ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізеді.

Просмотров: 462


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст