«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

№ 8 мектеп-гимназиясындағы «Мың бала» жобасы бойынша өткізілген іс-шарасының есебі

21.02.2017

Біздің мектепте осы аталған жоба бойынша бірнеше іс-шаралар 21 ақпанда өткізілді. «Қазақшаңыз қалай?», «Мәнерлеп оқу» сайыстары, «Мәңгілік ел» тақырып бойынша сурет көрмесі, «Тіл бірлігі» шығарма жазу, «Менің тілім-менің досым» тілге байланысты авторлық бағдарлама бойынша сабақ өткізілді, «Тіл бірлігі» бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Осы бағыт бойынша «Қазақшаңыз қалай?» атты сайыс сабағын өткізіп, оқушылардың сөздік қорларын арттыра түсті. Екі сынып оқушылары белсене қатынасқан, бұл іс-шарада жекелеген оқушылар елді ауызына қаратып, сайыс соңында әр оқушы өздеріне берілген тақырып бойынша постер жазып, топ болып және жеке қорғау жұмыстарын жүргізді. «Мәнерлеп оқу» сайысында жоғары деңгейде өткізілген 6-сынып оқушысы Джуманова Алина, 7-сынып оқушысы Шерер Анна ерекше көзге түсті. «Мәңгілік ел» тақырып бойынша кітапханымызда сурет көрмесі ашылды. Сонымен қатар оқушылардың өздері де сұрақ дайындап, ізденушілік қабілеттерін көрсетті.

Жалпы осы жоба өз мақсатына жетті деп ойлаймыз. «Тіл бірлігі» бойынша 8,9 сынып аралығында шығармалар сайысы өткізілді. Сайысқа 6 оқушы қатынасты. Барлық оқушылар да Тәуелсіз еліміздің өткен тарихы туралы ой толғады. Жеңіпаз атанған оқушылар мақтау грамоталарымен марапатталды. «Мың бала» жобасына барлық тіл мұғалімдері белесене қатысты.   

    

Просмотров: 903


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст