«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы критериалды бағалау

27.02.2017

Ақпанның 13-і күні сағат 18.00-де 1 «А», «Ә» сыныптарының ата-аналарымен «Білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы критериалды бағалау» тақырыбына коучинг өтті. Бұл коучингтің мақсаты ата-аналарды қазіргі кездегі білім саласындағы өзгерістермен таныстырып, олардың сана-сезімдеріне жеткізу. Бар қайшылық түсініспеушіліктен туындайды ғой. Сондықтан білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы басты өзгеріс бағалау саласында болып жатыр. Оқушының білімін бағалау біртіндеп бағадан ұпайға көшу мәселесі тұр. Сондықтан коучингті өткізу барысында  менің басты мақсатым ата-аналарды критериалды бағалау дегеніміз не? және оның түрлерімен таныстыру болды.

Коучингті бастамас бұрын ата-аналардың алдында мектеп директоры Г.И. Сейдахметова мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Т. Калиева сөз алды. Олар қысқаша критериалды бағалауға тоқталып, ата-аналардан қолдау күтетіндіктерін жеткізді. Сосын коучинг барысында мен ата-аналарға қалыптастырушы, жиынтық бағалау жайлы сөз қозғап, 1 сынып оқушыларының орындап жүрген тапсырмаларын беріп, оларға бір-бірін бағалауға мүмкіндік туғыздым. Ұпай қоюға тапсырмалардың критериалары мен дескрипторларын бердім де ұпайды бағаға айналдыру шкаласымен таныстырдым. Коучинг соңында кері байланыс жасап, алақан ағашын жасадық. Кері байланыс бойынша ата-аналардың ойы бір жерден шыққанын анықтадым. Бағалау жүйесі барлығына түсінікті болды және екі ата-ана ұпайлық жүйеге қарсы ойларын білдірді. Бұл бағдарлама министрлікпен бекітілді, сондықтан ата-аналармен бірлесе отырып, бұл жүйені жүзеге асырамыз деген ойдамын. Әлі талай-талай қиындықтарға тап боламыз, талай-талай белестерден өтеміз, бірақ алған бағыттан ауқымай бірлесе отырып жұмыс жасаймыз деген ойдамын.

Просмотров: 424


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст