«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Менің анам

10.03.2017

Менің анам - мұғалім. Ол химия пәнінен сабақ береді. Оқушыларды оқытады. Мұғалімдердің жұмыстары өте қызықты және керекті, нағыз әйелдердің мамандығы деп ойлаймын. Анам жұмыстан шаршап келеді, сондықтан мұғалімдерді түсінемін, олардың мамандығын сыйлаймын.

Анам жұмыстан келгенде, мені құшақтап, бетімнен сүйеді. Мен оған тамақ дайындауға көмектесемін. Менің апам да мұғалім. Сондықтан мен де апам мен анам сияқты мұғалім мамандығын тандаймын.

Ана

Менің анам құрметті,

Орындайды ұстаздық міндетті.

Ең бақытты ана бұл.

  Ең еңбекқор, дана ол,

Жұмыс істеп бақыт береді,

Өмір шырағы- ана дегім келеді.

Анам болса қасымда,

Бақыт болар басымда.

Ол ана ғой,

Баласына пана ғой.

Ұзақ өмір сүріңіз,

Күнде күліп жүріңіз.

Абиева Ханшаим

Менің анашым Баймуханова Арна Даулетовна. Ол 32 жаста, аласа бойлы, қара торы, қой көзді мейірімді, аяулы адам. Ол біздің қамқоршымыз. Оған қасында демеу беріп жүрген асқар таудай әкешім әрқашан қасында қос жүрек болып күліп ойнап жүреді. Екеуі үйдегі шаруаларда бір-біріне көмектесіп отырады.

Менің анамда екі бала бар. Олар мен және кішкентай қарындасым Аружан.

Анашым темір жол басқармасында мұрағатшы болып істейді. Ол өз жұмысын жақсы көреді. Ол неше түрлі тамақ әзірлеуді, қонақ күтуді жақсы көреді. Кішкентай кезімнен маған неше түрлі тағамдарды дайындап, тәтті торт пен печенияларды әзірлеуге тырысатын.

Мен анашыма үйдің шаруашылығына көп көмектесемін, су әкелемін, дүкеннен нан әкелемін, жазда өсімдіктерді суаруға даяр боламын.

Біз екеуміз оңаша қалғанда көп сурет саламыз,ол маған менің  қателіктерімді түзетіп дұрыстығын көрсетеді.

Анашым өз отбасы үшін жанын беруге әзір, біз ауырған кезде түн ұйқысын төрт бөліп, емдеп бойымызға күш беріп, демеу болған анашыма  мың да бір алғыс. Мен анашымды  қатты  жақсы көремін, өйткені анашым біздің жанұямыздың жүрегі.

Болатұлы Дамир

Менің анамның аты-жөні - Дулатова Жанна Шыныбекқызы. Жасы - отыз бесте. Анашымның бір ұлы, бір қызы бар. Мамандығы мұғалім, мектепте 10 жыл жұмыс істейді.

Анамның мінезі жұмсақ, кейде сәл қаталдау. Анам балаларымды жақсы көремін дейді, ол заттан әр алуан сөмкелер алғанды ұнатады. Мен кішкентай кезімде, дәлірек айтсам бір жасымда таңғы жетіде ұйықтамай ботқа сұрай берген екенмін.

Мен анама үй жинауға көмектесемін. Анам екеуміз дүкенге барамыз, сөйлесеміз, сабақ оқимыз. Біз үшін анамыз тамақ пісіреді, кір жуады, керек нәрсені алып береді.

Мен анамды өте қатты жақсы көремін.

Дулатова Айсауле

Мен өз шығармамды орыстың ұлы жазушысы М. Горькийдің ''Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған’’- деген сөзінен бастағалы отырмын.

Мен өз анамды мақтан тұтамын, өйткені менің бойымдағы жақсы қасиеттер де ең алдымен анамнан тараған. Әлемдегі кешірімді, ең мейрімді жан-ана. Мен қандай кателік жасасам да, анам кешіреді. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Менің анамның аты-жөні Жолдасова Айшолпан Болатовна. Оның жасы отыз бірде. Менің анам ерекше адам, өйткені ол үш баланың анасы. Мен егіздің сыңарымын. Менің екі қарындасым бар, Айым және Аяжан.

Анам бізді әлпештеп, аялап, еркелетіп тәрбиелегені үшін оны өте жақсы көремін. Менің анамның мамандығы тәрбиеші. Тек қана өз балаларын жақсы көргенімен  қоймай, өзге де балаларды жақсы көргендіктен осы мамандықты таңдаған шығар деп ойлаймын.

Анамның мінезі ақжарқын, ақ көңіл, мейірімді. Анам отбасымызбен серуенге шыққанды, қайда барса да, бізді өзімен алып жүргенді ұнатады Өйткені ол бізді жақсы  көреді.

Кішкентай кезімде есімде қалғаны, қарындасым екеуміз егіз болғандықтан ойыншыққа таласып қалатынбыз. Сондықтан екеумізге бірдей заттар алуға тырысатын. Ал есейген кезде маған ұлдың, ал Айымға қыздың ойыншықтарын сатып алатын болды.

Мен анама үй жинауға, әсіресе кезектесіп шаңсорғышпен жинауға көмектесемін, айтқанын бұлжытпай орындауға тырысамын. Анам бос уақытында бізге қосымша есептер, тапсырмалар беріп, сабақ оқытып, тәрбиелейді.

Анам  біз кешкі асты көңілді отбасымызбен ішу үшін: чак-чак, торт, құймақ пісіріп береді. Анам біз үшін барлық жағдайды жасайды, сондықтан мен анамды  өте жақсы көремін. Анамды сипаттауға сөз жетпейді. Жаза берсем, айтатыным әлі көп...

Сөз соңында айтарым, анашым аман болса екен. Себебі, оның амандығы мен үшін бәрінен қымбат.

Елубай Әділ

Мен өзімнің асыл анашым - Шалмуканова Бибігүл Советқызын 8-наурыз мерекесімен құттықтаймын. Менің анам аудандық ауруханада анастезист болып жұмыс істейді. Ол өте мейірімді, еңбекқор жан. Мен анам үшін бәріне де дайынмын.

Біздің анамыздың үш қызы бар. Мен ең кенжесімін. Анам әрдайым балаларына қамқор болып жүреді. Біз ауырып қалсақ, түн ұйқысын төрт бөліп, бізге алаңдаумен болады.

Анамның айтуынша сәби кезімде мен өте бұзық қыз болыппын. Анам «Бауырсақ» ертегісін айтып бермейінше ұйықтамайды екенмін.

Әлемнің жарығын сыйлап, өмірдің қиындықтарынан мені қорғап келе жатқан асыл анама алғысым шексіз.

Анашым, мені дүниеге әкелгенініз үшін үлкен рахмет. Құрметті анашым, сіз ауырмаңыз, денсаулығыңыз мықты болсын. Өйткені сіз маған қымбатсыз. Сізден артық ана жоқ. Сіз ең күшті, ең әдемі анасыз. Мен сізді жанымнан да артық жақсы көремін.

Жумабаева Аружан

Менің анамның аты-жөні Жұманова Ұлжан. Жасы - отыз тоғызда. Менің екі ағам бар. Мамам үй шаруасында. Менің анам жақсы адам.

Мен анама үй жинауға көмектесемін. Менің анам теледидар көргенді жақсы көреді.

Анашым мені «құлыным» деп еркелетеді. Мен анамның қасында болсам, уақыт тез өтіп кетеді. Анаммен уақыт өткізген сондай қызықты.

Анам бізге ас дайындап, үй жинап, киімдерді тазалап отырады. Мен анамды жақсы көремін.

Мен анамды аялап ардақтаймын. Анадан асқан асыл жан жоқ бұл әлемде. Аналарымыз балапандарын ойлап, оларға денсаулық ұзақ өмір сүруін тілеп отырады.

Аналар балаларымен,

Балалар аналарымен бақытты.

Жуманова Ақмарал

Ана деген дүниедегі ең қымбат жан. Менің анам ең ардақты, ең аяулы, ең сүйкімді, ең сүйікті жан. Менің анамның есімі - Шекеркүл. Анам 39 жаста. Үйде үш баламыз. Анам барлығымызды жақсы көреді. Анашым біздің қамқоршымыз, ақылшымыз, тәрбиешіміз. Әрдайым жақсыға үйретіп, жаманнан жирен деп айтып отырады.

Жетістіктерге жетсем менімен бірге қуанып, сүрінсем жұбатады. Анам кейде қатал болады, әсіресе сабақ оқығанда, себебі менің жақсы оқығанымды қалайды.Мен анама қолымнан келгенше үйдің жұмыстарына көмектесемін. Анам біз үшін бәріне де дайын тұрады. Деніңіз сау болып, үнемі қасымыздан табыла беріңіз. Мен сізді өте қатты жақсы көремін. Анашым мерекеңіз құтты болсын!

                                                                                                

 Жұмабай Дінасыл

Менің анамның есімі - Анар. Қазіргі кезде анам жұмыс істемейді, бізді тәрбиелеп отыр. Біз жанұяда үш баламыз. Ағам, әпкем және мен. Анам өзі отбасында көргенін, білгенін айтып сыр шертеді. Бізге де әрдайым шыншыл, әділ, мейірімді болыңдар деп ақылын айтып отырады.

Анар атты анам өзінің есіміне сай бала мінезді, ақ жарқын, кең пейілді адам. Мен анамның бойындағы әйелге тән нәзіктікті, ерге тән ерлікті, анаға тән мейірімділікті, қария анасына, аға - әпкелеріне көрсетіп жүрген сый-құрметті, ізгілікті көріп өсіп келемін.

Анам бауырмал, ұйымшыл адам. Қолы босаса ас үйдің мәзірін жайнатады. Қазақтың нағыз бауырсағын, самсасын дайындап әлек болады. Қонақжай адам болғандықтан үйге адам көп келеді. Құрбыларынан, туыстарынан, дос жарандардан өз көмегін аямайды.

Менің кішкентай кезімде анам көбінесе мені далаға шығарып қыдыртып, көлге апарған екен. Қыста шаңғы тебетінім есімде.

Мен анама үй жинауға көмектесемін. Гүлдерге су құямын және тағы басқа жұмыстарда көмектесемін. Бос уақытта анам екеуміз математикадан есеп шығаруды және кітап оқығанды ұнатамыз.

Менің анам маған сүйікті тағамдарымды пісіреді. Сәбиінің дені сау болып, азамат болып өскенін қалайды. Мен анамды сыйлаймын және өте қатты жақсы көремін. Анам менің өмірімнің гүлі, көзімнің нұры. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі болумыз керек.

Анашым, сізге өмір бойы қарыздармын. Маған жасаған жақсылықтарыңыз үшін алдыңызда басымды иемін. Ешқашан да мұңаймаңыз, ауырмаңыз. Сіз менің қорғаушы, жол сілтеуші періштемсіз, ана. Сізді қатты жақсы көремін.

Қуанышбек Медина

Құрметті анашым, сіз мен үшін әлемдегі ең қымбат жансыз. Мен сізге қажымас қайрат пен ашық аспан тілеймін. Сізді жанымнан артық жақсы көремін. Сіздің күлген сәтіңіз мені қуантады. Мен сізге алғыс айтамын, өйткені сіз бізді өсірдіңіз, жарық дүниеге әкелдіңіз.

Менің анам үй шаруасында. Ол кісінің қолдары алтын. Себебі, қолынан келмейтін нәрсесі жоқ. Іс тігіп, тоқыма тоқиды. Бос уақытында сурет салғанды ұнатады. Тамақты да дәмді пісіреді. Анамның дайындаған асының дәмі де ерекше.

Мен кішкентай күнімде анама еркелеп, қайда барса да көйлегінің етегінен айырылмай жүреді екенмін. Анашым қазір сол кездерді еске алып күліп отырады.

Мен анама сабақтан келген соң қоқыс шығаруға, гүл суаруға көмектесемін.

Анашымды 8-наурыз мерекесімен құттықтаймын. Менің анам сүйкімді, көрікті және әдемі. Менің анам балалары үшін өмір сүреді. Мен сабақты жақсы оқып анамды қуантамын. Анамның ғұмыры ұзақ әрі баянды болса деймін.

Шайкен Асхат

Өмірдің қызығы,
Өзіңсіз өтпейді.
Мен үшін әжеме,
Ешкім де жетпейді. - демекші, мен өзімнің әжем жайлы айтқым келеді.

Әжем менің ақылшым да досым да.

Мен оның қасында өзімді бақытты сезінемін. Себебі, кішкентайымнан мені бағып-қағып өсірді, мәпеледі. Мен ауырсам бірге ауырып, қуансам, бірге шаттанатын да осы әжем.

Менің әжемде жеті немересі бар. Мен үлкенімін. Әжем біздің барлығымызды жақсы көреді.

Ол мені әрдайым қасынан тастамай алып жүреді. Өмірімнің бар қызық сәттері әжемнің қасында өтеді. Былтыр наурызда әжем мені Шымкент қаласына апарды. Өте әдемі жасыл қала екен.

Мен әжеме көмектесемін. Үйді жинаймын, ыдыс-аяқ жуамын. Әжем маған ұрыспайды, керісінше үйретеді. Мен әжемді жақсы көремін.

Шыныбек Лаура

Просмотров: 7849


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст