Қыздарға әсемдік жарасады ...дей отыра Щучинск қаласының №8 мектеп-гимназиясында Халықаралық Әйелдер күніне байланысты 3 «А» сыныптың қыздар арасында «Көктем Аруы» сайысы өткізілді. Ол мерекелік сайысқа әжелер, аналар, мұғалімдер және тағы да басқа қонақтар шақырылды. Сайысты осы сыныптың ұлдары Темірхан Теміржан және Тулегенов Нуралы жүргізді. Сыныптың 14 қызы қатысты. Олар: 1 - Дайырова Жанель, 2 - Курмангалиева Камила, 3 - Аязбай Айша, 4 - Бекбасарова Наргиз, 5 - Оразбаева Камила, 6 - Адалбек Фәтиха, 7 - Адалбек Жаңылар, 8 - Нурмаганбет Аяулым, 9 - Жетер Ажар, 10 - Кусаинова Лейла, 11 - Тажибаева Рамина, 12 - Ермекова Камила, 13 - Рамазанова Диляра, 14 - Маманова Жазира. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қыздар өздерін өлең түрінде таныстырды. Екінші кезеңде қыздар өз өнерлерін көсетті. Үшінші кезеңде «Сән үлгісі» қыздар үйден түрлі заттардан жасалған көйлектер киіп көрсетті. Қыздардың көйлектері бірінен бірі асып түседі. Төртінші кезеңде үйден әр түрлі тағам дайындау және оны қорғап шығу керек. Қыздар аналарының көмегімен түрлі тағамдар жасап әкелді. Кезеңдердің арасында сыныптың ер балалары өздерінің әндерін, аналарына арналған өлең шумақтарын ұсынды. Осы сайыстың соңында әділқазылар алқасы қыздардың бәріне номинация беріп, мадақтамалармен марапаттады. Қыздардың арасынан Тажибаева Рамина атты қызымыз «Көктем Аруы» атағына ие болды. Ұлдар өздерінің сыйлықтарын қыздарғы тарту етті. Мерекелік сайысымыздың соңында барлық балалар өздерінің қолдарымен жасалған гүлдерін аналарына сыйлады. Соңында «Сағындым әже, сағындым» әнімен және флешмоб биімен аяқталды. Мерекені ұйымдастырушы сыныптың жетекшісі Молдаханова Айгуль Толегеновнаға мерекеңіз құтты болсын, жұмысыңыз алға өрлей берсін деп алғысымызды білдіреміз.