«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

№ 8 мектеп–гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті әдіс бірлестігінің 2016-2017 оқу жылының 6 наурыздан 20 наурыз аралығында «Тіл татулық тірегі» тақырыбында апталық өтті

30.03.2017

№ 8 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті әдіс бірлестігінің мұғалімдері «Тіл татулық тірегі» тақырыбында апталық ұйымдастырып өткезді, апталықты өткізу барысында барынша шеберлік танытып қана қоймай, тіліміздің мәртебесін арттыру мақсатында түрлі қызықты іс-шаралар ұйымдастырудан бастады. Апталық жоспары бойынша әрбір сынып оқушылары түрлі іс-шараларға қатысып, мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгергендіктерін көрсетті.

Апталықтың ашылу салтанатында тіл туралы өлеңдерді 4 «Б» сынып оқушылары Хамзатов Минкаил, Смирнов Алексей, Верескун Анастасия, Трухин Валентин оқып, ән орындады. Анеля, қазақ тілі мен әдебиеті  Айтжанова Дариягүл Аулебайқызы апталықтың жоспарымен таныстырды.

Мектеп кітапханашысы Бекбулатова Шаргия Таупыковна «Тіл татулық тірегі» атты көрме ұйымдастырып кітап көрмесі бойынша шолу өткізді.

Апталық жоспарына сәйкес «Қазақшаңыз қалай?» сайысын ұстаздар А.К. Рамазанова, А.Т.Султанова 4 сынып оқушылары  арасында ұйымдастырса, «Менің елімнің ақшасы» ашық сабағын ұстаз Мусина Қымбат Толеуқызы  5 «Б»  сынып оқушыларымен өткізді.

Жоғарғы санаттағы ұстаз Балтабаева Сымбат Толеуқызы «Қазақстан телеарналары» тақырыбына өткізген ашық сабақта 9 «А» оқушылар өз ойларын  анық жеткізіп ғана қоймай, шеберліктерін де ортаға салды.

Мұғалім Балтышева Жұлдызай Әлібековна 2 «В» сыныбында «Кітап дүкені» ашық сабағында әдістемелік жағынан сабақты қызықты әрі ұтымды жоспарлады. Оқушылардың қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдерді қолданды.

Сұлтанова Айнагүл Теміртасқызы  2 «Б» сыныбында «Мен не білемін?» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Сабақ барысында түрлі ойын түрлері де өткізілді.

Рамазанова Ақмарал Кабеновна 7 «А»  сыныбына «Біз наурызды тойлаймыз» тақырыбына ашық сабақ ұйымдастырды. Сабақ барысында әр түрлі сайыстар өтті: Жұмбақ жасыру, жаңылтпаш айту, ребустарды шешу, өлең жарыстары. Оқушылар екі ауыл болып «Наурыз мерекесін» қызықты өткізді. Оқушылар өте белсенді қатысып, өздерінің қазақ тіліне деген білімдерін көрсетті.

Бостанбаева Сәуле Қайыргелдіқызы сабақтан тыс іс-шарасында «Білімділер» сайысын 9 сыныптар арасында ұйымдастырды. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Сабақ барысында түрлі ойын түрлері де өткізілді.

Директордың орынбасары Кенжина Айнаш Боранбайқызы, Айтжанова Дариягүл Аулебайқызы, музыка жетекшісі Сапакбаева Гүлнар Қайырғожақызы «Кім білгір?» интеллектуалды ойының 2-10 сыныптар арасында өткізді.

    «Қош келдің Наурыз!» мәнерлеп оқу сайысында Наурыз мерекесі туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Оқушылар «Қош келдің, Ән Наурыз!» мерекелік концертінде ән айтып,би билеп өз өнерлерін ортаға салды.

Мектеп ауласында «Наурыз мерекесіне» орай кигіз үй құрып, ұлттық тағамдардан дастархан жайылып оқушылар, ата-аналар, ұстаздар дәмді тағамдардан ауыз тиді. Түрлі жарыстар ұйымдастырылып, ұлттық ойындар ойнатылды. Жеңімпаздарға  шағын сыйлықтар берілді.

«Тіл татулық тірегі» тақырыбында өткізілген апталық шеңберінде оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтары оянды.

Апталықтың жабылу салтанатында өздерін белсенді көрсеткен оқушылар мадақтамамен марапатталды.

Ұлы дала елі Мәнгілік Ел ұлттық идеясындағы Тіл, мәдениет, тарих тұтастығына сай, келешек жастарымыз өз тілімізді, мәдениетімізді, тарихымызды, сал- дәстүрімізді жақсы білулері қажет.

Просмотров: 431


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст