Текст
Халқымыз "Үлкенге құрмет, кішіге ізет" деген екен. Сол себепті, біздің мектеп қабырғасында "Тимур командасы" құрылды. Яғни, ұстаз ардагерлерге барып, қол ұшын беру. Тимур командасында 15 оқушы. Барлық оқушылар көмек көрсеткенді, қамқор болғанды ұнатады. Осыған орай, 12 сәуір жұлдызында өз командамызды жинап алып, ардагер ұстазымыз Мицай Любовь Степановнаға бардық. Ол кісі бізді жылы шыраймен, күндей таза көңілмен қарсы алды. Оқушыларымыз бірлесе мүмкіндігінше жұмыс жасап, Любовь Степановнаның көңілінен шықты. Ардагер ұстазымыз төбесі көкке жетіп қуанғаны сонша, барлық оқушыларға алғысымен жаудырды. Осылайша күніміз сәтті, әрі мәнді болып өтті.