Құтты болсын жеңіс күні ағайын
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
Ата - бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата - бабам намыс бермей айқасқан.
Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс.
Жеңіс күні - адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен - 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.
Осыған орай, №8 мектеп-гимназиясында 24 сәуір күні мұғалімдер мен оқушылардың қатысуымен Ұлы Жеңістің - 72 жылдығына арналған сап түзеу іс-шарасы өтті. Іс-шарада 1 сынып оқушылары жеңіс туралы өлең-шумақтарын оқып, әдемі ән шырқай білді, 8 сынып оқушылары мың бұралып билеп, «Огонёк» атты әнді барша көрерменге паш етті. Шынымен де жеңіс бізге оңайлықпен келмеді. Ата-бабаларымыз бізге тартқан бұл аса қадірлі сыйды болашақ ұрпаққа жеткізу біздің ең маңызды борышымыз. Еліміздің көк туы биікте желбіреп, Отанымыз тиыш болсын, бейбітшілік өмірде өмір сүруге жассын. Ұлы Жеңіс күні жасасын!