«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Білім күні!

19.09.2017

Соғылсын қоңырау, соғылсын,

Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.

Толқыған жүректер тоғысын

Толтырып бір арна, бір жырға.

02.09.17 ж. күні мектеп-интернат алаңында білім күніне арналған салтанатты шеру өтті. Мектеп табалдырығын алғаш атап жатқан бүлдіршіндерге бүгінгі күн ерекше де мерейлі күн болды. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған кішкентай бүлдіршіндер өздерінің алғашқы ұстаздары: 1 "А" сынып жетекшісі Оразбаева Гульнар Женисовнамен, 1 "Б" сынып жетекшісі Фахрутдинова Анжелла Гилимутдиновнамен, 1 "В" сынып жетекшісі Омарова Жанар Атымтаевнамен өз орындарына жайғасты. Білім күніне арналған линейка ашық деп жарияланды. 1 сынып оқушылары өздерінің арнайы тақпақтарын айтты.

Құттықтау сөз №8 мектеп-гимназиясының директорының міндетін атқарушы Калиева  Гульмира Торебаевнаға және 1-сыныптардың ата-аналарына берілді.

11 сынып оқушылары 1 сынып бүлдіршіндеріне білім кілтін ұсынып,  алғашқы қоңырауды соқтыртты.

Бүгінгі болып жатқан мейрамға байланысты оқушылар шарларды аспанға ұшырды. Соңында ән орындалып, салтанатты шеру жабық деп жарияланды. Білім күніне орай ұйымдастырылған линейка өте жоғары деңгейде өтті.

Салтанатты шеру аяқталғаннан соң мұғалімдер «Мен-өз елімнің патриотымын» атты сынып сағатын өткізді.

Просмотров: 444


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст