23 қараша күні аудандық мәдениет үйінде "Болашаққа бағдар: "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткен "Жас Ару-2017" байқауы болып өтті.
Байқауға қала мектептерінен барлығы 16 қыз бала қатысты. Бұл байқауға №8 мектеп-гимназиясынан төрт сайыскер қатысты. Соның ішінде 1 «А» сынып оқушысы Әсетқызы Нұрай болды. Сайыс төрт кезеңнен тұрды: өзін-өзі таныстыру, өнер сайысы, салт-дәстүр көрсету және Астананың 20 жылдығына арналған дефиле. Нұрай сайысқа үлкен дайындықпен келді. Нұрай өзін-өзі таныстыруды өлең жолдарымен айтса, өнер көрсетуде өз жасына қарамай Абай атамыздың "Құлақтан кіріп бойды алар" өлеңін мүдірмей оқып берді. Нұрайға қазақ халқының "Сүйінші" салт-дәстүрін сахналап көрсетуге сыныптастары Бағдат Дильназ, Ертихал Расул, Тулюханов Елнұр көмектесті. Ал Астананың 20 жылдығына арналған дефиледе Нұрай Хан шатырының киім үлгісін көрсетті. Сайысқа қатысуда Нұрайдың ата-аналары көп көмек көрсетті, барлық киім үлгілерін өздері дайындады. Байқау өте тартымды және қызықты өтті. Байқау соңында әділқазы мүшелері өз шешімдерін жариялады. Әр қатысушыға диплом және сыйлықтар табыс етілді. Нұрай "Ажарлы қыз ару" номинациясын иеленді. Нұрайға алда осындай байқауларға қатысып, биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз.