Текст
2017 жылдың 7-8 желтоқсан аралығында № 2 орта мектебінің аумағында 8-11 сынып оқушылар арасында аудандық пәндер олимпиадасы өтті. 13 пән бойынша олимпиадаға келгендердің саны 377 қатысушы болды.
Осы олимпиадаға біздің мектептің оқушылары қазақ тілі пәні бойынша жүлделі орындарға ие болды: қазақ тілі мен әдебиеттен 8-сынып оқушысы Рейзвих Ангелина - 2 орын (мұғалімі Рамазанова А.К.), 11-сынып оқушысы Лобанов Антон - 2 орын (мұғалімі Балтабаева С.Т.).
Құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!