«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Ауған соғысына қатысқан ардагерлерге арналған салтанатты шеру

06.02.2018

Сол Ауғанда талай досты жерледік,

Қарлы шыңға күн, түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік.

 

06.02.18 ж. күні  №8 мектеп-гимназиясында "Отанды қорғау - Интернационалдық борышың" атты Ауған соғысына қатысқан ардагерлерге арналған салтанатты шеру өтті.

Салтанатты шеруімізді ҚР Әнұранымен аштық. Шеру барысында Ауған соғысына қатысып, интернационалдық борышын өтеген, қаншама жас жауынгерлерімізді есімізге түсірдік. Шерудің барысында арнайы ән орындалды. Өздерінің борышын адал атқарған жауынгерлерімізді бір минут үнсіздікпен еске алдық!

Міне, осы Ауған соғысының аяқталғанына 28 жыл өтті. Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығуына 28 жыл толуына орай ұйымдастырылған "Отанды қорғау -Интернационалдық борышың" атты салтанатты шеру жоғары деңгейде өтті. Салтанатты шеруден кейін мұғалімдер сыныптарында Ауған соғысына арналған іс- шаралардың жоспарымен таныстырды.

Просмотров: 489


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст