Текст
8 ақпан күні 2 "Ә" сыныбында "Өзін-өзі тану еліне" саяхат тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Мақсаты: Балалардың өзін-өзі тану пәнінен өткен білімдерін қайталау, жақсы мен жамандықты айыра білуге үйрету. Балалардың қуанышты қөңіл күй сыйлау дағдыларын қалыптастыру. Адамгершілікке, сүйіспеншілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар "Өзін-өзі тану еліне" жету үшін, "Тіл табысу", "Достық", "Өнерлі ел", "Жақсы мен жаман" өлкелерінің тапсырмаларын қызыға орындады. Сонымен қатар, тақпақ, өлең айтып, би билеп өнерлерін көрсетті. Өмірде кездесетін әртүрлі жағдаяттар шешті. Оқушылар өте жақсы көңіл күймен белсене қатысты. Сыныптан тыс іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.