Өзін-өзі тану апталығының аясында ақпанның тоғызы 2 "А" сынып ата-аналарымен "Отбасы – тәрбиенің көзі" тақырыбына коучинг өтті. Коучинг ата-аналарды топқа бөліп, бір-біріне жылы лебіз білдіруден басталды. Ата-аналар жақсы көңіл-күймен жұмыстарын бастап кетті. Отбасындағы қарым-қатынас жайлы қысқаша мәлімет берілгеннен кейін ата-аналарға "Қағаздан өз бейнем" атты тапсырма берілді. Әр ата-ана қағаздан өз бейнелерін қағаздан қайшысыз қолмен қиды да, өзі туралы ортаға шығып, баяндап берді. Осы тапсырма арқылы "Адам өзін-өзі танымай өзгені танымайды" деген мәмілеге келіп, бір-бірін жақсы тануға арналған еді. "Рухани жаңғырту" аясында әр топқа халқымыздың салт-дәстүрлерін бейнетаспадан көріп, сахналау тапсырмасы болды. Бұл тапсырмаға ата-аналар ерекше қызығушылықтарын танытып, әртістік жағынан өздерін көрсете білді. Коучингтің соңында "Жүректен жүрекке" жүректерге ұсыныс пен тілектерін жазып, білдірді. Осы коучинг арқылы ата-аналарға тәрбие отбасынан басталатынын және салт-дәстүрімізді ұмытпай, болашақ ұрпақтың бойына сіңіру, жаңғырту болатын.