«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Жаңа жылдық серпантин

05.01.2020

Жаңа жыл - бұл әрбір үй, әрбір отбасы кұтетін сүйікті мейрамі, ертегі мерекесі. Жаңа жыл- әрқашан ғажайыпты, сиқырлы, шытырман оқиғалар мен таңға жайып өзгерістерді күтетін мереке. Адамдар жаңа жылда мейірімді және бақытты болады. Оттары жарқыраған шырша жанындағы сиқырлы түнде барлығы көңіл котеріп, тілектерін айтады. Сондықтан, біздің мектепте жаңа жылдық ертеңгіліктер ерекше көзқараспен өткізілді. Дайындық, мерекеден бұрын басталды. 1-4 сынып жетекшілері балалармен тақпақ, өлеңдер, билер, жаңа жылдық әндерді жаттады. Мұғалімдер сынып кабинеттері мен мектеп коридорларын безендіруде үлкен жұмыс атқарды. Жаңа жылдық көріністерге қатысушы мұғалімдер өздерінің шеберліктерін, артистігін, ынталары мен ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете отырып, өздерін жақсы артистердегі көрсете білді. Оларға Мыстан кемпір мен басқа да ертегі кейіпкерлеріне айналуға тура келді. Ертеңгілікте қонақтар да көп болды. Балалар әсем киініп, мерекеге көңілді келді, және де олардын үміттері ақталды.

Хамидулина Айгуль Тюлеповна, 

аға кеңесші 

Просмотров: 626


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст