«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Жаңа жылдық ертегі

28.12.2022

Жаңа жыл - бұл барлық адамдар үшін қызықты мереке, ғажайыпты күту уақыты, жақсылыққа үміттену және ертегіге сену. Біздің әрқайсымыз бұл күні өзіміз үшін сыйлықтар күтіп қана қоймай,  жақындарымыз бен таныстарымыз үшін де таңқалдырар сыйлықтар дайындаймыз. Және әрине бәрінен бұрын бұл мерекені балалар күтеді. Біз мұғалімдер, №8 МГ оқушылары мен студенттер балаларға “ Жаңа жылдық ертегі” атты жаңажылдық қызықты мереке  мен көтеріңкі көңіл-күй сыйладық! Ертеңгіліктің басты кейіпкерлерң - балалар. Олар ертегі қойылымдарын қарап қана қойған жоқ, олар да әндерімен, билерімен, өлеңдерімен өз өнерлерін көрсетті. Өте қызықты болды, бірақ ең жағымдысы- бұл балалардың күлкісіне және бақытты жүздеріне қарау болды .

 Жаңа жыл- кішкене шаттықтың және үлкен бастаудың уақыты. Армандар орындалғанда өте жақсы, солай емес пе?

2023 жыл барлық балалар үшін сиқырлы болсын, оларға ертегі мен ғажайыпқа сенімділік сыйласын!

 

Орындаушы: Нургужина З.Б.

Просмотров: 1332


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст