«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» - дей отырып бүгінгі келіп жеткен Тәуелсіздік күнге орай №8 мектеп-гимназиясындағы мектепалды даярлық сыныптардың оқушылар арасында «Туған жер – алтын бесігім» атты үш тілде мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Сайыс жоғары деңгейде болды. Сайысты бастамас бұрын Қазақстан Республикасының Ән ұраны орындалды. Сайысқа әр сыныптан үш-үш оқушыдан қатысты. Өлең шумақтары орыс, ағылшын, қазақ тілдерінде оқылды. Сайысымызда әділ баға беретін әділқазылар алқасы әр сайысқа қатысушыны тыңдай отырып бағалады. Қатыскшылардың барлықтары мадақтамамен марапатталды. Мерекелік іс-шараны 0 «А» сынып тәрбиешісі ұйымдастырып жүргізді. 0 «А» сыныптың оқушылары мерекелік көңіл күй сыйлай отырып би билеп, ән шырқады. 0 «Б»- 0 «В» сынып тәрбиешілеріде белсене ат салысты.