Текст
№8 мектеп-гимназиясында 2022 жылы 15 қарашада "Қазіргі білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру факторы ретінде оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік тәсіл" әдістемелік тақырыбын іске асыру шеңберінде мектеп әдістемелік кафедраларының отырыстары өткізілді. Отырыс барысында ӘК басшылары "Lesson Study тәсілі арқылы сабақты зерттеу" тақырыбы бойынша тренинг өткізді. ӘК жұмысының қорытындысы Lesson Study 1 циклін негізгі қызмет бағыттары бойынша жоспарлау болды: бастауыш мектеп, ЖМБ пәндері және ҚГБ пәндері.
Директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасарлары
Губченко Н.А.- Тимко В.В.