Адамзат – «бір үлкен отбасы». Осы отбасындағы қарым – қатынас жалпы адамгершілік құндылыққа құрылған. Сондықтан балаларда руханилықты, адамгершілікті, ізгілікті, мейірімділікті, сүйіспеншілікті қалыптастыру өте маңызды.
Өзін-өзі тану сабағында сезімділік, шығармашылық, өзін-өзі ашу қалыптасады, өзін-өзі зерттеу үшін жағдай жасалады.
22 қарашада біздің мектепте «Жалпы адамгершілік құндылықтар күні» өткізілді. Өзін-өзі тану мұғалімдері сыныптан тыс жұмыстар, ата-аналар жиналысын, сурет және эссе конкурстарды өткізді. Осы барлық іс-шаралар жеке тұлғаның тұрақтылықты қалыптастыруына көмектеседі, балаларға сүйіспеншілікке, бейбітшілікке және ар ұжданмен өмір сүруге көмектеседі.
Омарова Жанар Атымтаевна,
өзін-өзі тану ӘБ жетекшісі