«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық семинары

13.10.2022

«...Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді» - деген ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы. Шебер  мұғалімнің оқушыны үйретуде,  жан-жақты дамытуда қашанда орны ерекше.

 Қазан айының он екінші жұлдызында қаламыздағы №8 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің "Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  арқылы  білім  сапасын  арттыру  жолдары" тақырыбында аудандық семинары өтті. Семинарда №8 МГ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Балтышева Ж.А. және  Алимгожина Л.М. ашық сабақтар өткізді. Семинардың екінші кезеңі форуммен жалғасты. Онда №8 МГ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Рамазанова А.К., №3 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Курмангужина А.С.,  № 1 МГ мұғалімі Бралинова М.Ж.,  Зеленый бор ауылы МГ мұғалімі Абжатова Г.Т. және №6 жалпы орта білім  беретін мектебінің мұғалімі Баймендина А.Т. және  мұғалімдер баяндамалар дайындап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар жоғары деңгейде өтті.

Просмотров: 296


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст