Текст
"Өрлеу" біліктілікті арттыру Республикалық ұлттық орталығында жұма эфирінде Ақмола облысы бойынша "Өрлеу" БАҰО тренері Г.М. Сагандыкова мен педагог-зерттеуші, Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі А.Г. Фахрутдинованың қатысуымен тікелей эфир өтті.
Анжелла Гилимутдиновна бастауыш мектепте әдебиеттік оқу сабақтарында белсенді жұмыс әдістерін қолдану туралы айтып, бірқатар проблемалық сұрақтарға жауап берді.