Текст
1 сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді.
1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі.
Қажетті құжаттар:
- ата-ананың өтініші
- баланың туу туралы куәлігі
- баланың денсаулық паспорты (026/у-3)
- егу паспорты
- баланың фотосуреті (3х4)