«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

«Өзін-өзі тану» сабағы арқылы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу

21.05.2019

«Егер сіз келешекке бір жыл бұрын көз салсаңыз - күріш отырғызыңыз, он жылға көз салсаңыз - ағаш отырғызыңыз. Егер сіз  бүкіл өміріңізге көз салсаңыз - адамды тәрбиелеңіз»

Халық даналығы

Ғасырлар бойы адамдар адамгершілікке тәрбиелеуді жоғары бағалады. Қазіргі уақытта адамгершілік бағыттары ұсақталған, өсіп келе жатқан жастарды руханилығы болмауына, сенімсіздікке, агрессиялыққа кіналауға болады. Тәрбиелеудің маңызды мәселелерінің бірі - жастардың рухани-адамгершілік тәрбие мәселесі сондықтан рухани-адамгершілік тәрбие мәселесі  өте маңызды.

Өзін-өзі тану сабағында рухани-адамгершілікке тәрбиелеу ойындар, өмірден алынған жағдайларды талдау, өзінің шығармашылық қабілетін көрністер арқылы өзін-өзі көрсету, жазушылардың, философтардың, ұлы ғалымдардың айтқан сөздерінен моральділікке жол ашу арқылы жүргізіледі, мұғалім оқушылармен өзін білетін, әлемді білетін диалог жүргізеді.

Осы сұрақ бойынша негізгі жұмыс «Өзін-өзі тану» сабағында болады. Бұл сабақта балалардың жеке тұлғасына бағытталған адамның руханилығын қалпына келтіру жүргізіледі, осы және басқа да мәселелерге сену, ойлану, оң көзқарастар әзірленеді. «Өзін-өзі тану» сабағының міндетті элементі оқушылардың жеке тәжірибесіне жүгіну, және  өмірлік жағдайларды модельдеу арқылы талқыланып отырған тақырып бойынша   олардың   ойлануы  болып табылады. Сабақта мен « Оң көзқарас – бұл достық атмосфераны құрайтын міндетті әдістемелік  құрал» әдісі мен түрін қолданамын.

«Қорытынды тыныштық минуты» - бұл баланың өзін-өзі көрсетуін дамытуға бағытталған әдістемелік тәсіл.

«Оқимыз» - сөйлеу мәдениетінің маңызды тәсілдері мен кезеңдерінің бірі. Мұнда балалар тыңдауға және естуге, сезінуге және алаңдаушылыққа үйренеді.

Адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуде оқу және мақалаларды, әңгімелерді, тақпақтарды,ертегілерді талдау үлкен рөл атқарады, балаларға адамдардың адамгершілік қасиеттерін бағалауға және түсінуге көмектеседі. Кез келген сабақ уақытында, балалардың қарым-қатынасына көп көңіл бөлемін, оларды бір-бірін тыңдауға, басқаларға кедергі келтірмеуге,жалпы жұмыстарға қатысуға үйретемін. Сабақта балалар мысалдар, есептер ойластырады, сөйлемдер, текстер құрастырады.

Тарихты (әңгімелер, ертегілер, өлеңдер және оларды талдау) айту оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Үлкендердің балалармен осындай қарым-қатынасының маңыздылығын әсіресе қазақтың ағартушысы Ы. Алтынсарин атап өтті.

Сабақтан алған адамгершілік нормалары, және жеке өмірдегі байқаулары шашыраңқы болмау үшін, алынған білімді қорытындылауға байланысты әңгімелер, эстетикалық әңгімелесу түрінде жұмыстар жүргіземін.

Әрбір бала сенімге ие және басқаларға сенетіндей, ұжымға өзін қабылдандым деп сезінуі керек. Бұл міндетті жеңе білуге «Шығармашылық жұмыс – бұл топтық шығармашылықтың маңызды бөлігі» айдары көмектеседі. Мен тұрақты түрде балаларға жолдастарына міндетті түрде көмектесе отырып орындайтын тапсырмалар беремін. Бұл жұмыстарға: рөлдік ойындар, әңгімелерден құрылған коллаждар, проблемалық жағдайларды шешу, жаттығулар, сурет салу және т.б. жатады.

Өзін-өзі тану сабағы мұғалімге сабақ беріде интерактивті әдістерді пайдалануға мүмкіндік береді. Олар мұғалімге  біздің өміріміздегі мәңгілік құндылықтарды, шындықтарды танып білуге оқушыларды бағыттауға көмектеседі. Мен өз сабақтарымда «Құмырсқалар илеуі» - жұптасып жұмыс істеу, «Шығармашылық зертхана» - топпен жұмыс, «Жобалар презентациясы» - шығармашылық жұмыс, «Дискуссия», «Өзімен өзі» - жеке жұмыс, «Аудио және видеоспектрлар» - топтар релаксациясы.

«Өзін-өзі тану» сабағы-әртүрлі ұжымдық әрекеттер мен алаңдаушылықтың орны, жай шындыққа, қалай адам болуға үйретеді;сабақта адамгершілік қарым-қатынасының тәжірибелерін жинақтау жүреді.

«Өзін-өзі тану» сабағында адамгершілік тақырыбы бойынша мәселелері бар кешенді дидактикалық материалдар, сонымен бірге  ойын-сауық материалдарын қолданамын. Осыған байланысты, оқушылар бір-бірін жақсы түсінуге үйренеді, мейірімділік, шындық, әдемілік, руханилық сияқты жалпы адамдық құндылықтар арқылы адамгершілік  мінез-құлықтары  қалыптасады.

Оқушыларда өмірлік құндылықтарды, адамгершілік түсінігін тәрбиелеу біздің әсер етуімізге ғана байланысты емес; ол ақырын қалыптасады, және ол мұғалім сабақта қандай оқыту материалын қолданатындығы мен оны қалай жеткізетіндігіне көп байланысты. Мен материалдарды таңдауға өте мұқият қараймын. Әрбір сабақта менде кәсіби өлең оқушылар немесе авторлар оқыған видео-әңгімелер, әлеуметтік видеороликтер, ертегілер, аудиожазба өлеңдері түрінде мұғалімнің «Сыйлығы» бар.

«Өзін-өзі тану» - бұл құнсыз рухани байлықтары бар, қарым-қатынаста әрбір адамды рухани және адамгершілікті, бақытты және көңілді, мейірімді және ақылды ететін бірегей пән. Себебі сабақтар адамзаттың ең үздік рухани мұрасының үлгілеріне сүйенеді.

С.А. Назарбаеваның сөздерін келтіре отырып, қорытындылағым келеді: «Балалар, олардың бүгінгісі мен келешегі – бұл біздің ортақ міндетіміз. Біздің балаларымыз қандай таңдау жасайтындығына- олар жақсы жолға түсе ме, олар адамдарға пайда келтіре ме, әлсіздерге көмектесуге, қоршаған ортамен байланыста өмір сүруге, жасауға және  құруға, немесе жою жолдарына тұра ма - осының бәріне біз барлығымыз және жеке біздің әрқайсысымыз жауаптымыз . Олардың дұрыс таңдау жасауына өзін-өзі тану сабағы, сүйіспеншілік сабағы көмектеседі».

Доровских Вера Петровна,

өзін-өзі тану мұғалімі 

Просмотров: 745

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст