«Таза болса табиғат, аман болар адамзат»
Ф. Оңғарсынова
14 мамыр күні өзін-өзі тану пәнінен «Туған табиғат» атты сабақ өтті. Сабақтың мақсаты табиғатқа қамқорлық жасауға үйрете отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ұғындыру. Балалар топпен отырып, табиғат тақырыбына сурет салды. Әр топ ортаға шығып, өз салған суреттерін қорғады. Олар сабақта табиғат туралы білімдерін ортаға салды. Балалар табиғатқа қамқорлық жасау керек екенін, табиғатты аялауға, жануарлар мен құстарға қамқорлық жасау керек екені туралы айтты. Сабақ соңында балалар шаттық шеңбер жасап, бір – біріне тілек айтты. «Мен бақытты баламын» атты әнді орындады. Сабақ өте қызықты да, көңілді өтті.
Молдаханова Айгуль Толегеновна,
1 «А» сынып жетекшісі