Текст
Дүйсенбі, 29 сәуір күні «Ағылшын тілінде сөйлеуді бірге үйренеміз» онкүндігі аясында 9 "А" сыныбында биология сабағы өтті. Оқушылар сабақта глоссариймен жұмыс жасады, жаңа терминдерге анықтама берді, есептер шығарды. Оқушылар материалды қорытындылау ретінде ойындар ойнады – олар әртүрлі экологиялық факторларды анықтайтын ағылшын сөздерін түрлі – абиотикалық, биотикалық және антропогендік бағандар бойынша орналастырды. Содан соң топтар алынған нәтижелер туралы ағылшын тілінде айтып берді.
Лондарь Татьяна Владимировна, химия/биология мұғалімі