2018-2019 оқу жылында "My best stydent s book Excel 5-8" тақырыбы бойынша ағылшын тілінен 5-8 сыныбы мұғалімдері мен оқушылары арасында республикалық конкурс болды. Бұл конкурсты "Express Publishing" баспасы EDU Stream білім беру орталығымен бірігіп және "Білім беруді дамыту қоры" коммерциялық емес ұйымның қаржылық көмегімен ұйымдастырды.
Конкурс 25 қараша мен 15 наурыз аралығында 3 кезеңмен өткізілді.
Бірінші кезеңде "Why I want to take part in this cjmpetition?" тақырыбына мотивациялық хат жазу қажет болды.
Екінші кезеңде 5 минут ішінде сұрақтарға жауап беру мүмкіндігін көрсету және қазылар алқасымен скайп арқылы әңгімелесу диалогын жүргізу керек. Қорытынды кезең – осы баспадан, мектеп оқулықтарынан тақырып бойынша видеопрезентация жіберу.
"My best stydent s book Excel 5-8" республикалық конкурсына 7 "А" сынып оқушысы Касенова Амира және ағылшын тілі мұғалімі Пацук Ирина Владимировна қатысты. Үш кезеңнің нәтижесі бойынша Касенова Амира және ағылшын тілі мұғалімі Пацук Ирина Владимировна екінші жүлделі орынды иеленді.
28 наурызда Нұр-Сұлтанда, Оқушылар сарайында, біздің жүлдегерлерімізді марапаттау салтанатты жиналысы болды. Барлық жеңімпаз-балаларға және олардың мұғалімдеріне естелік сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
Тимко Валентина Викторовна, директордың БО бойынша орынбасары