29 наурызда №8 мектеп-гимназиясында жас мұғалімдер үшін «Педагогикалық үміт -2019» аудандық конкурсы болды.
Конкурс өз кәсіби қызметін енді бастаған және шығармашылық жұмыс істейтін жас мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін жетілдіру мен өсірудің тиімді құралы болып табылатын аудан мектептерінің жас мұғалімдері үшін өткізілді.
Конкурс келесі міндеттерден тұрады: жас педагогтардың талантын анықтау, оларды қолдау және марапаттау; жас мұғалімдерді зияткерлік және шығармашылық қызметтің жаңа нысандарын іздеуге мотивациялау және ынталандыру; заманауи мұғалім туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру.
Конкурсқа 1 жылдан 5 жылға дейін педагогикалық еңбек өтілі бар жас мамандар қатысты.
Конкурс екі турдан өткізілді. Бірінші тур сырттай, онда жас мамандар қазылар алқасына сабақ беретін пәні бойынша әдістемелік әзірлемелерін көрсетті, 5 балымен бағаланады және нәтиже бойынша мұғалім екінші турға өтеді.
Екінші тур толық уақытты және келесі кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең: Өзін-өзі таныстыру «Мен және мен жұмыс істейтін мектеп», онда ауызша сөйлеу мәдениеті бағаланды- педагогтің ашықжарқындылығы, айқындылығы, бейнелілігі, сауаттылығы және артистігі.
Екінші кезең: «Менің педагогтық тәжірибем», онда негізгі бағалау критериі : мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, шығармашылық жұмысын көрсетуге дайындық дәрежесі,өз шығармашылығындағы табыстары мен сәтсіздіктерін талдай білуі, ақпараттық технологиялары меңгеруі.
Үшінші кезең: Сабақ беру презентациясы. Бұл кезең сабақ өткізуді презентация түрінде жүргізу. Негізгі бағалау критериі: әдістемелік сауаттылық, білімділігі, білім беру технологияларын қолдануы, бірлескен ортаны құру және өзінің табыс деңгейін анықтауды білуі.
Біздің мектептен мемлекеттік тілде оқытатын бастауыш сынып мұғалімі Милана Ерболовна Алибекова қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша Милана Ерболовна «Педагогикалық дебют» номинациясын алды. Мектеп-гимназия ұжымы Милана Ерболовнаны табысымен құттықтайды және оған шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейді.
Губченко Наталия Анатольевна, директордың БО бойынша орынбасары