2019 жылдың 14 наурызында №8 мектеп- гимназиясында «Эврика» оқушылар ғылыми қоғамының XVIII конференциясы өтті. Конференция жұмысына 3-9 сыныптардан 9 оқушы өздерінің 8 жобасымен қатысты.
Конференция жұмысы кезінде мектеп оқушылары өздерінің жеке және топ болып орындаған зерттеу жобаларын көрсетті.
Топ жұмысы бойынш 6 «А» сынып оқушылары Арыстанова Самира мен Сеткова Алинаның «Біздің сыныптастарымыздың аты-жөнінің шығу тегі мен мағынасы» тақырыбындағы, жоба жетекшісі С.К. Смагулова, жобалары мысал бола алады. Жоба мазмұны мәжілістің барлық қатысушыларының өз аты-жөндерінің шығу тегіне қызығушылығын тудырды.
Бастауыш сынып оқушылары – 4 «Б» сынып оқушысы Гооге Милананың және 3 «В» сынып оқушысы Герлинг Варвараның баяндамаларын атап өткім келеді. Олар бізге өз жұмыстарын жақсы білумен қатар, бастауыш сыныптап бастап зерттеу жүргізуді және өз жұмыстарының нәтижелерін көрсете біледі.
Жоба жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Роза Ермековна Дискаева болып табылатын Гооге Милананың жұмысы, сыпайы сөздер ұжымның тәрбиелік деңгейіне әсер ететіндігін көрсетті.
Герлинг Варвара «Жануарларға не үшін ескерткіш қойылады» атты жобасын көрсетті. Жоба жетекшісі Елена Казимировна Бергер, олар бірге зерттеу жұмысын жүргізді, адамдар жануарларға әр түрлі себептермен ескерткіш қоятындығын дәлелдеді және нақты мысалдар келтірді.
9 «Б» сынып оқушысы Сысоев Кириллдың жұмысы ерекше қызығушылық тудырды, жетекшісі химия және математика мұғалімі Алексей Викторович Усольцев. Олардың жасаған Стерлинг қозғалтқышының үлгісі, қалай арзан энергия көздерін жасауға болатындығын және оны еліміздің алыс аудандарында қолдануға болатындығын көрсетеді.
7 «Б» сынып оқушысы Ахметжарова Алинаның «Мемлекеттік тілді меңгерудегі мәселелер» жобасының үлкен практикалық маңызы бар, ол зерттеу барысында өз сынып оқушыларын мысалға ала отырып, қазақ тілін меңгеруге кедергі келтіретін себептерді анықтады. Бұл жерде 7 «Б» сынып оқушысы Балтабаева Камилланың жобасын атап өткім келеді, ол қазақ және орыс тілдеріндегі туыстық тақырыбын көрсетті. Бұл жобалардың жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Рамазанова Ақмарал Кабеновна.
6 «А» сынып оқушысы Омарова Алинаның жұмысы арқасында біз Қазақстанның көне тайпаларының мәдениеті мен дәстүрлері туралы көп нәрсені білдік. Жоба жетекшісі тарих мұғалімі Жанаева Гульмира Кушеровна.
Барлық көрсетілген жұмыстар мазмұнды, қызықты және ақпаратты.
Конференцияның қорытындысы бойынша барлық қатысушылар алғыс хатпен марапатталды. Директордың БО ісі жөніндегі орынбасары Н.А.Губченко оқушыларға өз көмектерін көрсеткен ғылыми жоба жетекшілеріне және оқушылардың ата-аналарына алғысын білдірді.
Губченко Н.А, директордың БО ісі жөніндегі орынбасары