«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Біздің таланттарымыз

11.03.2019

Біздің мектебімізде 9 «А» сынып оқушысы Сундукова Галина және 5 «В» сынып оқушысы Сундукова Екатеринаның  бейнелеу өнері бойынша шығармашылық жұмыстарының жеке көрмесі өтті. Экспозицияда түрлі техникада: акварель, графика, пастель, түсті қарындашпен орындалған жұмыстар көрсетілді. Қыздардың екеуі де портреттік жанрмен қатар, пейзаж, натюрмортте жақсы жұмыс  жасайды. Галина мен Екатерина мектептік, қалалық, аудандық және облыстық көрмелерге белсенді қатысады. Жас суретшілердің дарындылығы мен таланты назардан тыс қалмады.

Қыздар биыл Астананың 20 жылдығына арналған, Ақмола облысының 12 ауданынан 200 адам қатысқан  Дельфин ойындарына қатысты. Галина қола медаль иегері атанды. Екатерина сертификатпен марапатталды. Қыздардың қалалық, аудандық және облыстық деңгейде бірінші және екінші орын алған мадақтау қағаздары бар.    

Көрме біздің мектеп оқушыларының, мұғалімдердің, ата- аналардың және қонақтардың қызығушылығын тудырды. Біз Галина мен Екатерина Сундуковалардың жаңа жұмыстарын көреміз деп үміттенеміз.

Просмотров: 441


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст