8 наурызда біздің еліміз әйелдер күнін атап өтеді. Біз оған мейірімді және қызықты мереке ретінде үйренгенбіз. Біз оны жағымды жұмыстары үшін, біздің аналарымыз бен әжелеріміздің күлкілері үшін, демек барлық әйелдер үшін жақсы көреміз.
4 наурызда №8 мектеп-гимназиясында құттықтау концерті болды. Бұл мерекелік концертті Е.К. Бергер, О.А. Ярославцеваның және Н.Н. Пшеничнаяның жетекшілігімен 3 сынып оқушылары қойды .Балалар өлеңдерін қуанышпен оқыды, барлығы бірге көктемгі көңілді өлеңдер айтты және олар жыл ішінде осындай күн бары қандай керемет екендігін, көптеген жылы сөздер есту, сүйікті аналары мен әжелерінің көздерінен мейірімділіктің көз жасы, сонымен қатар сыныптастары мен мұғалімдерінің қуаныштарын сезінудің керемет екендігін сезінді.
Іс-шара «Үлкен ауа шарында» атты ашық, қызықты нөмірмен басталды. Мұнда балалар тек өлең ғана емес,қолдарына шар ұстап би де биледі.
3 «Б» сынып оқушылары көрермендерді «Баян түймешелері», «Үнді биі», «Каратэ шоу» нөмірлерімен қуантты.
3 «В» сынып оқушылары барлық қатысушы бикештерді «Әжемдікінде» әнін хормен, «Сен мені сүйесің бе?» әзіл биімен, «Мырзалар» ұлдардың құттықтау биімен, Герлинг Варвара «Ана» әнімен және «Тек Анам» авторлық өлеңімен, ПилипенкоМелана әнімен және «Әжелер» театрландырылған қойлымымен құттықтады.
3 «Г» сыныбы барлығын «Анашым» әнін хормен, Флеш-мобпен, Файзуллина Виолетта «Ана» әнімен және ана туралы вокалды әнімен таңғалдырды.
Балалар өздерінің аналары мен әжелеріне өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыстады.
Соңында барлық балалар «Әрқашан күн сөнбесін» әнін хормен орындады.