«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Оқырман сайысы

14.02.2019

11.02.2019 ж.  мектеп алды тәрбиешісі Л.М. Косенкова «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында бастауыш сынып оқушылары арасында «Сүйіспеншілікке толы жүрек» атты өлең оқудан байқау өткізді.

Байқаудың бірінші беті – бұл «Сүйіспеншілік, мейірімділік, бейбітшілік және достық туралы мәнерлеп оқу». Барлық қатысушылар өз шығармаларының мәнерлеп орындалуын, жан толғанысын, артистігін көрсете білді.

Әділ қазылар байқау қорытындысын шығарамын дегенше, қатысушылармен «Сүйіспеншілік пен мейірімділік туралы шығармашылық викторинасы» жүргізілді. Жеңімпаздар анықталды, олар:Сердобинцева М. -  4  «Б» сыныбы, Тимко С. – 4 «В» сыныбы.

Бірақ, ойынсыз қандай іс-шара өткізіледі? Оқушылар «Әрқашан достасу, барлық жерде достасу» девизімен өткізілген ойынға қызыға қатысты. Ойнай отырып, балалар достық қарым-қатынаста болу, «Жәй ғана» жақсы іс-әрекеттер жасау керектігін түсінді.

Міне, байқауды қорытындылау уақыты да келіп жетті. Сөз әділ қазыларға берілді. Байқау жүлдегерлері  келесідей болып бөлінді:

Өлең оқушылар байқауында 1 орын: Тимко С. - 4 «В»сыныбы, Бутакова А. -  4 «Г» сыныбы, Мордвина Е. -3 «Г» сыныбы, Фридрих К. - 2 «Б» сыныбы.

2 орын: Сердобинцева М. - 4 «Б» сыныбы, Ротарь Т. - 3 «В» сыныбы,  Баутдинова Я. - 2 «Г» сыныбы.

Қалған оқушылар белсенділігі үшін мадақтау қағазымен марапатталды.

Мереке соңында – ұжыммен естелікке  фотосуретке түсіп, әрбір қатысушыға тәттілер таратылды.

Косенкова Любовь Михайловна, 0 «Б» сынып тәрбиешісі

Просмотров: 453


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст