«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

2021 жылдың 8 қазанында БЖШО «Арман» орталығының «Instagram» әлеуметтік желісінде Бурабай ауданының оқушылардың өзін-өзі басқару президентінің онлайн сайлауы өтті

12.10.2021

Бурабай облысының оқушылардың өзін-өзі басқару президентінің онлайн сайлауының нәтижесі бойынша 10 «Б» сынып оқушысы Исламов Ильдар Кенжебекұлы сайланды. Ильдар сайлауға қатысу үшін өзінің жобасы ретінде «Қазақстандық жастар арасында патриотизмді дамыту» таңдады. Ильдар ұсынылған жоба бойынша бағдарламаның негізгі міндеттері мен бағыттарын ұсынды. Жобаның негізгі міндеті - жастардың еліміздің бүгіні мен болашағы үшін санасы мен жауапкершілігін арттыру. Сонымен қатар келесі бағыттар бөлінді:

Біріншісі - еріктілік. Ауданда еріктілердің жаңа тобын құруды жоспарлап отыр.

Екіншісі - көшбасшылық. Ол осы бағытта тәжірибе алмасу үшін алаңдар құруды, көшбасшылар форумдарын, мастер-класстар мен тренингтерді өткізуді жоспарлап отыр.

Осыған орай, біз Исламов Ильдарды жеңісімен құттықтаймыз, Сізге барлық жақсылықты тілейміз және Бурабай облысының оқушылардың өзін-өзі басқару президентінің жаңа қызметінде сәттілік тілейміз.

И.М. Даканова

Просмотров: 276


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст