12.10.2026
2026 жылғы 12–23 қазан аралығында мектебімізде "Бастауыш мектеп сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану" тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндігі өткізіледі.
Онкүндіктің мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, білім беру сапасын жетілдіру және заманауи білім беру технологияларын оқу үдерісіне енгізу.
Қазіргі білім беру жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, дербестігін қалыптастыруға, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға және білім алуға деген қызығушылығын оятуға бағытталған инновациялық технологияларды қолданудың маңызы зор.
Онкүндік аясында ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, шығармашылық тапсырмалар және педагогикалық тәжірибе алмасуға, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін енгізуге бағытталған басқа да іс-шаралар жоспарланған. Интерактивті әдістерді, цифрлық білім беру ресурстарын, ойын технологияларын және жасанды интеллект элементтерін қолдануға ерекше назар аударылады.
Онкүндікті өткізу мұғалімдерге кәсіби шеберліктерін танытуға, тиімді педагогикалық тәжірибелерімен бөлісуге және заманауи білім беру технологияларын қолдану бойынша тәжірибелерін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Онкүндікке қатысушылардың барлығына жемісті еңбек, шығармашылық шабыт және кәсіби табыс тілейміз!