14 маусымда біздің мектепте 9 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру салтанаты өтті. Қатаң шектеулерге байланысты дәстүрлі іс-шара ерекше және қашықтықты және басқа да қауіпсіздік шараларын сақтауға қарамастан, әсерлі және қызықты өтті. Салтанатты шараны мектеп директорының міндетін атқарушы Н.В. Балашова ашып, тоғызыншы сынып оқушыларына жылы лебіздерін білдіріп, оқудағы, спорттағы жетістіктері, белсенді өмірлік ұстанымы үшін аттестаттар, алғыс хаттар мен грамоталар табыс етті. Сынып жетекшілері түлектерге көптеген жылы сөздер айтты. Ата-аналар мен балалар оқу мен спортта жақсы нәтижелерге қол жеткізудегі мұғалімдердің рөлін атап өтті.
Құрметті 9 сынып түлектері!
Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдықпен асындар сан белдерді.
Біліміңмен қуантасыңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді
Қыран болып ұшыңыз,оқуларға түсіңіз.