«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Қош бол мектеп жылдары ....

14.06.2021

«Мектеп-мектеп, мен сені сағындым ...»: - сіз әйгілі әннің жолдарын бірнеше жыл өткеннен кейін өзіңізге таныс, ыстық болған  ғимараттың жанынан өтіп бара жатқанда есіңізге аласыз. Жылы қабақпен сәл күлімсірейсіз, мүмкін тіпті мектепке де кірерсіз. Сіз өзіңіздің туған жерлеріңізді аралап, мектептегі кездеріңізді еске түсіресіз, әсіресе, соңғы жылдағы естеліктеріңіз ерекше болмақ.

14 маусым сағат 10.00-де барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, 11 «А» сыныбына аттестатты салтанатты түрде табыстау өтті. Балаларға сертификаттар, мақтау қағаздары табысталды. Сондай-ақ, мектеп әкімшілігі мектеп өміріне белсене қатысқан ата-аналарға алғыс хаттар табыстады.

Біз түлектерімізді сағынышты жылы сезіммен еске алып, сынып сағаттарын, серуендеуді, шай ішуді, мектеп фестиваліндегі сән көрсетілімдерін, көңілді мерекелер мен мектеп кештерін, билеушілер би кештері мен ата-аналар жиналыстарын, олимпиадалар мен түрлі жарыстардағы жетістіктерімізді есіме түсіреміз! Уақыт өте тез өтеді, біз олармен қоштасқымыз келмейді. Дегенмен де,  біз түлектерімізді  жақсы жағынан ғана еске алып отырамыз!

Просмотров: 297


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст