Текст
24.10.2025
Бұл орта білім беру ұйымдарындағы буллингтің алдын алу бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан "ДосболLIKE" жобасы бойынша "Стресс: жау ма, дос па?" атты жобаның алғашқы сабағы болды.
Сабақтың мақсаты — оқушылардың жеке даралығын түсінуін және өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылар стресс ұғымымен танысып, оның себептерін талқылады, «пайдалы» және зиянды стрессті ажыратуды үйренді, сондай-ақ эмоционалдық тепе-теңдікті сақтау жолдары туралы әңгімелесті.
Сабақ жылы, достық атмосферада өтті. Әр оқушы өз пікірін ашық айтып, жеке тәжірибесімен бөлісе алды.
Сынып жетекшісі
Макишева Д.С.