Текст
29 сәуір күні Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледж базасында 8–11 сынып оқушылары арасында бағдарламалау олимпиадасы өтті. №8 мектеп-гимназиясынан 9 "Г" сынып оқушылары қатысты: Марат Ерасыл, Сластухин Виктор, Самсонов Илья. Оқушылар белсенділік танытып, бағдарламалау саласына қызығушылықтарын көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша олар белсенді қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды.
Мауина Д.С.