«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Шығармашылық күні. «Көктемгі қиялдар» жұмыстарының көрмесі

16.04.2025

Бастауыш сынып онкүндігі аясында 11 сәуірде "Көктемгі қиялдар" жұмыстарының көрмесі атты шығармашылық күнінде №8 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушылары өз шығармашылықтарын көрсетті. Сурет салып, өлең-тақпақ шығарып, ән айтып, би билеп өнерлерің танытты.Сонымен қатар бұл күні қызықты ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.

4 "А" және 4 "Ә" сыныптары арасында "Әкем,анам және мен" отбасылық спорт сайысы өткізілді. Мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, отбасы құндылығын насихаттау және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Жарыста 4 "А" сыныбынан Абильдиновтар мен Мұратовтар отбасы, ал 4 "Ә" сыныбынан Бекеновтар мен Советхан отбасы бақтарын сынады. Қатысушылар өз ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсете білді.Сайыс нәтижесі бойынша “Бас жүлдені” Советхан отбасы иеленсе, Абильдиновтар отбасы 1-орын, Бекеновтар отбасы 2-орын, Мұратовтар отбасы 3-орынға ие болды. Жарысқа қатысқан отбасыларға алғыс білдіре отырып,отбасыларына береке-бірлік,толағай табыс тілейміз.

Бастауыш сынып онкүндігі аясында 11 сәуірде «Шығармашылық күні» ұранымен 1 "Г" сыныбында "Ь және ъ белгілерін ажырату" тақырыбында ашық сауат ашу сабағы өткізілді,оқушылар белсенді жұмыс жасады, сабақтың мақсаты орындалды.

Просмотров: 974


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст