2025 жылдың 10 сәуірінде бастауыш сыныптарда апталықтың жоспарына сәйкес "Ғылым және зерттеу" ашық есік күні болды. Бұл күні біздің мектептің мұғалімдері Ақмола облысының бастауыш сынып мұғалімдеріне “Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және жобалық іс-әрекеті”тақырыбында көрсетілім сабақтарын өткізді. Көрсетілім сабақтары мектеп психологы: Ш.Т. Төлеуханның психологиялық тренингтерінен басталды. Мектептің жетістіктері туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Н.Ж.Уаисова баяндама оқыды. Көрсетілім сабақтарын біздің мектептің бастауыш сынып мұғалімдері: Уаисова Н.Ж., Басымова М.Е., Оразбаева Г.Ж., Молдаханова А.Т. өткізді. Курс жаттықтырушысы Аембаева Аяжан Ешимбаевна сабақтарды қорытындылап, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге алғысын білдірді.
Осы күні біздің мұғалімдеріміздің бірі Ж. А. Омарова 4 "В" сыныбында жаратылыстану пәнінен "Ғарышта не бар?" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта цифрлық технологиялар қолданылды, оқушылар өз бетінше, жұпта және топта жұмыс істеді.Олар белсенді және тату жұмыс жасады. Сабақ қызықты әрі танымды өтті.