Бастауыш сыныптар онкүндігінің жоспарына сәйкес 2025 жылдың 8 сәуірі "Тіл және оқу күні" болды. Әр сыныптың жетекшісі күн тақырыбына байланысты іс-шаралар жүргізілді, ал кейбір сыныптарда ашық сабақтар өткізілді.
1 "А" сыныбында "Дидар – ұқыпты оқушы" тақырыбында ашық сабақ өтті. Балалар жұппен, топпен сабақта белсенді жұмыс жасады. Сабақты қорытындылай келе, мұғалім "Жылы алақан" әдісін қолданып, балалар бір-біріне жылы лебіздерін, тілектерін білдірді. Сынып жетекшісі: Смагулова А.Д.
Ал міне, 1 "Д" сынып оқушылары "Менің денсаулығым. Мен қалай тамақтанамын" тақырыбында ашық сабақта өз білімдерін көрсетті. Балалар сабақта белсенді жұмыс жасады, жаңа білім алды. Сынып жетекшісі: Ф.М. Шамаева
Осы күн 2 "Б" сыныбында орыс тілінен "Сөйлем соңындағы тыныс белгілері" тақырыбындағы ашық сабақпен аяқталды. Балалар мұғалімнің жетекшілігімен әр тапсырманы орындады. Сабақта балалардың жаңа тақырыпты меңгеруіне көмектесу үшін оқытудың әртүрлі әдістері қолданылды. Сынып жетекшісі: Ахметжанова Ж.С.