«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 8 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Мұғалімдер қауымдастығының отырысы математика және физика

20.01.2025

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Щучинск қаласының № 8 мектеп-гимназиясының базасында Бурабай ауданының математика және физика мұғалімдері қауымдастығының отырысы өтті.

Отырыс тақырыбы "Математика және физика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі білім беру процесінің сапасын арттырудың негізгі факторы ретінде".

Мақсаты: оң педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Міндеттері: Білім беру сапасын арттыру және білім алушылардың жеке басын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында аудан педагогтарын жаңа білім беру технологияларын пайдалануда шығармашылық ізденіске ынталандыру.

Отырыс барысында мұғалімдер өздерінің жұмыс тәжірибесін ұсынды, Математиканы оқыту барысында негізгі мәселелерді белгіледі және оларды шешудің тиімді жолдарын ұсынды.

Қауымдастық жұмысына 39 физика және математика мұғалімдері қатысты.

Просмотров: 1307


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

Ұйымдар тізімі
Текст