4 наурызда № 8 мектеп-гимназиясында мектеп мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесін зерделеу бойынша іс-шара өткізілді. Білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін озық педагогикалық тәжірибені анықтау, зерделеу және тарату мақсатында өткізілді. Мектептің сараптамалық кеңесінің қарауына өз жұмыс тәжірибесін ұсынды:
Сағиев А. Т. спорт нұсқаушысы, дене шынықтыру мұғалімі;
Ахметжанова Ж. С. бастауыш сынып мұғалімі;
Мухамеджанова М. Б. бастауыш сынып мұғалімі;
Болатова А. Б. ағылшын тілі мұғалімі;
Акишева Г. А. математика пәнінің мұғалім;
Балтышева Ж. А. қазақ тілі пәнінің мұғалімі;
Ғалымжанова Г. М. ағылшын тілі мұғалімі;
Дрягина К. Ю ағылшын тілі мұғалімі;
Рахимжанова Ж. Т. бастауыш сынып мұғалімі.
Сараптамалық кеңес жұмысының нәтижелері бойынша қазақ тілі мұғалімі Ж.А. Балтышеваның жұмыс тәжірибесі таратуға және қолдануға ұсынылды.
Директордың БО жөніндегі орынбасарлары
Губченко Н.А.- Тимко В.В.