Рухани жаңғыру – еліміз үшін маңызы зор жаңалық. Ал сол ұлттық және рухани тәрбие ең бірінші отбасынан бастау алып, балабақша мен мектепте жалғасын табатыны бәрімізге мәлім. Бастауыш сынып оқушыларының бойында осы қасиеттерді қалыптастыру сынып жетекшінің міндеті. «Тәрбие болмаған жерде шын ақылды, мәдениетті өмір болмақ емес» деп Ж. Аймауытов атамыз айтқандай бала тәрбиелі болмаса берілген білімнің нәтижесі болмайды. Сондықтан әр өткізілген сынып сағаттары, іс-шаралар арқылы оқушыларымның бойына ұлттық құндылықтарды дарытуға тырысамын.
Мектебіміздің кітапханасында онлайн "Менің сүйікті кітабым" атты іс-шара өткізілді. Сүйікті кітабым тақырыбына ұйымдастырылған бейнеролик сайысына 2 «А» сынып оқушылары ата-аналрымен белсене қатысты. Соның ішінді атап айтсақ: Серік Інжу, Сатыбалды Аделя, Қожағұл Нұрислам.
Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын,саналы ұрпақ, білімділер дайындайтын біздер мұғалімдер.
Рахимжанова Ж.Т.,
сынып жетекшісі