Текст
Желтоқсан айында Ақмола облысы бойынша жоғары сыныптар арасында 2020-2021 оқу жылына арналған ғылыми жарыстардың облыстық кезеңі өтті. Бурабай ауданы атынан біздің мектептің оқушысы Торичный Александр қатысты. Ол "Велогенератор - электр энергиясын алу құралы ретінде" жобасын ұсынды. Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша Александр техника секциясында Құрметті 1 орынға ие болды. Тиісті дипломмен, сертификатпен, медальмен марапатталған, сондай-ақ виртуалды шындық көзілдірігін сыйлыққа алған. Александрға одан әрі табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!
Ғылыми жетекшісі:
математика пәнінің мұғалімі
Масалимов А. М.