25 маусым күні мектептің «Айгөлек» ойын алаңында «Сиқырлық» жаттығуларынан бастадық. Психолог Төлеухан Ш.Т. жүргізген «Достық шеңбері» психологиялық тренингі мен команда құру ойындарынан кейін балалар «Туған жеріңді білесің бе?» викторинасына қатысты. Қалалық кітапхананың №4 филиалының кітапханашысы Бақыт Увалиевна туған өлке тарихына шолу жүргізді. Балалар Кеңес Одағының Батыры П.И.Морозов туралы ақпаратты қызығушылықпен тыңдады және Морозов көшесімен өзінің обелискіне барды.Түскі астан кейін тәлімгерлер Бекенова Р.С., Басымова М.Е. және Кульмагамбетова А.Қ. «Мен өзімнің туған өлкемнің суретін саламын» шығармашылық сағатын өткізді, балалар үлкен ықыласпен асфальтқа сурет салды. Балалар жақсы көңіл-күймен үйлеріне қайтты.
Лагерь жетекшісі:
Мишина Г.В.